Қасиетті Грааль
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қасиетті Грааль (ескі-фр. Graal, Grâl, Sangreal, Sankgreal, лат. Gradalis) — ортағасырлық кельт және норман аңыздарына сәйкес Сезім қаруларының бірі — Аримафейлік Иосиф айқышқа таңылған Мессияның жарақаттарынан қанын жинаған және Иисус Христос Соңғы кешкі ас кезінде тамақ ішкен құты.
Атақты Дөңгелек үстелдің серілері өз өмірлерін аңыз бойынша Аримафейлік Иосиф Британияға алып кеткен Қасиетті Граальды (Христосты шаншыған найзамаен бірге) еш нәтижесіз іздеумен өткізген. Ерте мәтіндерде Грааль тостаған ретінде қарастырылмай, тас немесе құнды жәдігер ретінде аталады[1].
Грааль тостағанынан ішкен адамның күналары кешіріледі, мәңгі өмір алады деген сенімдер бар. Кей аңыздарды Қасиетті Граальды көрудің өзі мәңгі өмір береді және тамақ, сусын сияқты нығметтерге бөлейді. «Қасиетті Грааль» сөзі ауыспалы мағынада іске асуы қиын немесе мүлде мүмкін емес мақсаттар мен қалауларды атау үшін қолданылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.